Дәстүрлі дін лидерлерінің съезі жаһандық пандемиядан кейін өз жұмысын жалғастырады. Соңғы рет мәртебелі жиын 2018 жылы өткен болатын. Қыркүйекте елімізге әлемдік және дәстүрлі дінбасылары, сондай-ақ конфессия өкілдері келеді деп күтілуде. Съезде пандемия кезінде байқалған тенденцияларға баға беріліп, діндер арасындағы өзара құрметтеу мен түсіністік таныту мәселелеріне баса назар аударылады.
Юрий Новгородов, архиепископ:
Пандемияға дейін өмірді қазіргі өмірмен салыстыруға мүлдем келмейді. Адамдардың көзқарасы өзгерген. Оның ішінде дәстүрлі құндылықтардың да құнсызданып бара жатқанын аңғару қиын емес. Діндер съезінде осы мәселелер ортаға салынады деп ойлаймын.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Дәстүрлі дін лидерлерінің съезі жаһандық пандемиядан кейін өз жұмысын жалғастырады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161492/)