![Президент Сауд Арабиясының бірқатар кәсіпкерлерімен жеке кездесу өткізді](https://cdn.qazaqstan.tv/2022/7/24/1658660127008.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының бірқатар кәсіпкерлерімен жеке кездесу өткізді
Атап айтқанда, Мемлекет басшысы Ajlan & Bros Holding Group холдингтік топ басқармасының басшысы Аджлан бен Әбделазиз Әл-Аджланмен және Acwa Power компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Мұхаммед Әбунаянмен әңгімелесті.
Сауд Арабиясы Корольдігінің және Таяу Шығыстағы ірі конгломераттың бірі – Ajlan & Bros Holding Group Қазақстанға инвестиция құюға мүдделі екенін айтты. Қазіргі уақытта холдинг Алматы облысының ауыл шаруашылығы саласындағы өндіріс жобасын пысықтауда.
Сондай-ақ, Президент Сауд Арабиясының Мемлекеттік инвестициялық қорын (PIF) басқарушы Ясир Әл-Румайянмен кездесті.
Мемлекет басшысына әлемдегі ең ірі дербес әл-ауқат қорының бірі – Сауд Арабиясының мемлекеттік инвестициялық қорының қызметі жөнінде ақпарат берілді. Қор басшысы Ясир Әл-Румайян экономиканың әртүрлі салаларында жүзеге асырылып жатқан жобалар туралы айтты.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Сауд Арабиясының бірқатар кәсіпкерлерімен жеке кездесу өткізді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161503/)