Ресей Украинаның Одесса портына сенбіде соққы бергенін растады.
Елдің қорғаныс министрлігінің мәлімдеуінше, шабуыл кезінде әскери кеме мен АҚШ-тан жеткен «Гарпун» зымырандары тұрған қойма жойылған. «Снарядтар кеме жөндейтін зауытқа да түскен», – деп жазды «BBC» агенттігі. Осы дереккөздің мәліметінше, соққы кезінде астық сақталған қоймаға зақым келмеген. Бұған дейін Украина дәнді-дақыл тұрған орынға шабуыл жасалғанын мәлімдеген еді.
Айта кетсек, өткен аптаның соңында Ыстамбұлда Ресей, Украина, БҰҰ және Түркия астық экспорттау дәлізін қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойды. Мәміле дәнді-дақылдарды Қара теңіздің үш порты арқылы тасымалдауға жол ашады.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресей Украинаның Одесса портына сенбіде соққы бергенін растады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161511/)