«Бай, қуатты болайық». Шымкентте осындай атаумен телевизия тарланы Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған көшпелі көрме ұйымдастырылды. Онда біртуар тұлғаға тиесілі 170-тен астам жәдігер қойылды. 50 жылға жуық журналистика саласында еңбек еткен Нұртілеу Иманғалиұлы 1952-жылы 1-ші мамырда Алматы облысы Ақсу ауданында дүниеге келген. Қазақ телевизиясында жүргізуші, журналист, редакторлықтан Ұлттық арнаның төрағасы лауазымына дейін қызмет атқарған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған көрме өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161536/)