Атырау облысында жеңіл автокөлік жүргізушісі тас жолдан өтіп бара жатқан қойларды қағып кетті. Оқиға Жантерек елді мекенінің тұсында болған. RAVON теміртұлпары барлығы 24 бас ұсақ малды таптаған. Оқиға салдарынан шаруаға 1 млн 200 мың теңге материалдық шығын келді. Полиция шопанға қатысты әкімшілік іс қозғап, хаттама толтырды. Ол енді малды белгіленбеген жерден өткізгені үшін заң алдында жауап бермек.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысында жеңіл автокөлік жүргізушісі тас жолдан өтіп бара жатқан қойларды қағып кетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161540/)