Ұлттық валюта қайта нығайып келеді. Қазақстан қор биржасында бүгін доллар 7 теңгеге арзандады. Күндізгі сауда саттықта көк қағаз құны 475 теңге 92 тиынға теңесті. Кешкі саудада құны аздап көтерілгенімен, ақша айырбастау орындарында 477 теңгеге саудаланып жатыр. KASE-де еуроның да құны арзандады: 474 теңге шамасында.
Әлемдік нарықта мұнай бағасы өткен кезеңдермен салыстырғанда аздап көтерілген. Мәселен, брент сұрыпты қара алтын 102 долларға, америка мұнайы 96 долларға сатылып жатыр.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлттық валюта қайта нығайып келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161556/)