Қазақстанға ресми сапармен Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвили келді. Нұр-Сұлтан қаласының әуежайында мәртебелі мейманды Премьер-Министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қарсы алды. Екі күндік сапар аясында Грузия үкіметінің басшысы Қазақстан басшылығымен келіссөздер өткізуді жоспарлап отыр. Тараптар екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылайды. Сонымен қатар Грузия Премьер-Министрі «Астана» халықаралық қаржы орталығының жұмысымен танысады.
Ламбриан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанға ресми сапармен Грузия Премьер-Министрі Ираклий Гарибашвили келді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161615/)