Премьер-Министр Әлихан Смайылов «Honeywell» компаниясының басшылығымен кездесті. Тараптар экономиканы декарбонизациялау, өнеркәсіпке заманауи «жасыл» технологияларды енгізу мәселелерін, сондай-ақ аталмыш компанияның елімізде жаңа жобаларды іске қосу жөніндегі жоспарларын талқылады. Әлихан Смайылов «Қазақстан – Орталық Азиядағы инвестициялар үшін ең тартымды ел болып қала береді», – деді. Оған Үкіметтің инвестициялық ахуалды жақсарту және шетелдік капиталды құқықтық қорғау бойынша іске асырып жатқан шаралары ықпал ететінін атап өтті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әлихан Смайылов «Honeywell» компаниясының басшылығымен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161623/)