![Маңғыстауда көлік жүргізушілерінің бірі екіншісін ұрып өлтірді](https://cdn.qazaqstan.tv/2022/7/27/1658895853755.jpeg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Маңғыстауда жол бойында жанжал туындап, көлік жүргізушілерінің бірі екіншісін ұрып өлтірді.
Оқиға Мұнайлы ауданы Жаңа Дәулет ауылында болды. 35 жастағы күдікті егде жастағы зейнеткерді жол бермегені үшін ұрып-соғып, дене жарақатымен жол жиегіне тастап кеткен. Ал зардап шеккен тұрғын сол жерде көз жұмды.
Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу сотының санкциясымен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Маңғыстауда көлік жүргізушілерінің бірі екіншісін ұрып өлтірді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161626/)