Токио олимпиадасы кезінде тиімсіз жұмсалған қаражат - ел бюджетіне қайтарылды. Бұл туралы Есеп комитеті мәлімдеді. Құзырлы мекеме Мәдениет министрлігіне қарасты Дене шынықтыру және спорт комитетіне аудит жүргізіп, заң бұзушылықтарды анықтаған. Қазіргі уақытта 1 млн 300 мың теңге республикалық бюджетке қайтарылды. Айта кетейік Токио олимпиадасына ел атынан 95 адам қатысып, олар спорттың 5 түрі бойынша небары 8 қола медаль еншілеген еді.
Дархан Рахымжан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Токио олимпиадасы: 1 млн 300 мың теңге республикалық бюджетке қайтарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161659/)