Елімізде әуе билеттерінің бағасы 15%-ке өсті. Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, былтырмен салыстырғанда билет 21%-ке қымбаттаған. Елдегі ірі әуе компаниялары халықаралық бағытқа арналған билет бағасының өсуіне доллардың қымбаттауы әсер етті дейді. Ал енді бірі бұған авиациялық отын, қосалқы бөлшектерді сатып алу және жеткізу шығыны мен инженерлік-техникалық қызмет көрсету бағасының өсуі түрткі болғанын айтады. Жауаптылар жаз маусымында ел ішіндегі сапарлар үшін билеттің қымбаттауын сұраныстың көбеюімен байланыстырып отыр. Бір ғана әуе компаниясы биыл 1 млннан аса жолаушы тасымалдаған. Бірақ билет бағасының өскеніне қарамастан, қазақстандықтар шетелге жиі саяхаттайды. Компаниялар мәліметіне сәйкес, азаматтар Түркия, Таиланд пен Біріккен Араб әмірліктеріне жиі сапарға шығады екен.
Ақерке Бектас
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде әуе билеттерінің бағасы 15%-ке өсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161667/)