Кенжекөл-Павлодар тас жолында ірі жол апаты болып, 8 адам зардап шекті.
Жол-көлік оқиғасы кезінде жарақат алғандардың арасында балалар да бар. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, «JAC» маркалы автобус «ВАЗ» көлігімен соғысып, қатты соққы салдарынан ол «Volkswagen»-ге соқтығысқан. Зардап шеккендер екі жеңіл көліктің жолаушылары. Оларға медициналық көмек көрсетілген. Құқық қорғау органдары апат кезінде автобуста жүргізушіден басқа адам болмағанын айтады.
Аталған дерек бойынша тергеп-тексеру жұмыстары басталды.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Кенжекөл-Павлодар тас жолында жол апатынан 8 адам зардап шекті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161672/)