Суға тұншыққан тағы 9 адам құтқарылды. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметі бойынша, өңірдегі өзен-көл мен су айдындарының жағасында 50-ге жуық демалыс орны бар. Бұл демалыс нысандарының суға шомылатын аумақтары тексеріліп, иелерімен меморандум жасалған. Жағажайлар тазаланған. Сондай- ақ өңірде қазір жалпы тұрғындарға арналған қоғамдық 5 жағажай бар. Онда да бақылаушылар жұмыс істейді. Ал құтқарушыларды қазір су жағасындағы жеке демалыс нысандары алаңдатып отыр. Туристер мен демалушылар суға шомылатын айлақтар тексерілмеген, құтқару қызметімен келісім жасалмаған. Биыл 6 адам дәл осындай қауіпсіздік қамтамасыз етілмеген жағажайларда көз жұмған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шығыста биыл шомылу басталғалы 6 адам қайтыс болған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161738/)