Былтыр 3,5 мың ер азамат бала күтіміне байланысты демалысқа шықты. Бұл туралы мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының директоры Нұрсұлу Кемел мәлімдеді.
Оның айтуынша, бұл жалпы әлеуметтік төлем рәсімдеген азаматтардың 1%-ын ғана құрайды. Ал бала тууға байланысты декретке шығып, әлеуметтік аударымдар тағайындалған азаматтардың жалпы саны 385 мың. Сондай-ақ, қор директоры елімізде жұмыссыз 453 мың азамат бар екенін, олардың тек 106 мыңы төлем алуға өтініш білдіргенін айтады. Әлеуметтік көмек жұмысынан айырылғандарға жұмысқа қайта орналасқанға дейін төленетінін еске саламыз, дейді - маман.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде былтыр 3,5 мың ер азамат декреттік демалысқа шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161743/)