![Тұңғыш рет Сәкен Сейфуллинге қатысты құжаттар көрмеге шығарылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77607.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елордада тұңғыш рет мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен қызметіне қатысты құжаттар келушілер назарына ұсынылды.
Яғни көрмеде 1913-1934 жылдар аралығындағы деректер қамтылған. Бұл шара жазушының туғанына 120 жыл толуына сәйкес ұйымдастырылып отыр.
Сондай-ақ, ертең Астанадағы Ұлттық мұрағатта Сәкен Сейфуллин әндерінің тұңғыш үнтаспасының тұсаукесер рәсімі өтеді.
Жинақтаушы автор - Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Серік Оспанов.
Айғаным АЛИПОВА
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тұңғыш рет Сәкен Сейфуллинге қатысты құжаттар көрмеге шығарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/16184/)