Демалыс кешендеріне қойылатын жаңа санитарлық-эпидемиялогиялық талаптар бекітілді. Бұл туралы коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәлімдеді. Жаңа санитарлық талаптар: қонақ үйлер мен бассейн, аквапарктерге, сұлулық салондарына, жаппай демалыс орындары мен спорттық-сауықтыру кешендеріне қойылады. Қаулы он күн ішінде күшіне енеді. Айта кетейік өткен тәулікте 2661 адамнан коронавирус инфекциясы анықталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстанда қоғамдық орындарға санитарлық талаптар енгізіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161905/)