Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны күн сайын көбейіп барады. Өткен тәулікте 2579 адамнан вирус анықталған. Ал Атырауда коронавирус жұқтырған 15 жүкті әйел инфекциялық стационарда жатыр. Өңірде эпидахуал нашарлап барады. Айналасы 4 күннің ішінде 200-ден аса тұрғын індеттің ілмегіне ілінген. Бүгінде №2 облыстық ауруханада қатерлі инфекцияға шалдыққан 42 адам емделуде. Олардың 17-сі бала. Дәрігерлер науқастардың жағдайы орташа екенін жеткізді. Мамандар: «індеттің өршуіне басты себеп - вакцина алушылардың аздығы»-дейді. Мәселен облыста екпенің I компонентін қабылдаған 273 мың адамның тек 105 мыңы ревакцинациядан өткен. 6 мыңға жуық тұрғын ковидке қарсы дәрілік препараттарды үшінші мәрте алған. Қыркүйек айына дейін 6 мыңдай доза бөлінді. Ал өңірлік қорда 100 мыңға жуық доза сақтаулы. 28 егу пункті жұмыс істеп тұр.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда вирусқа шалдыққан 15 жүкті әйел ауруханада жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161955/)