Атырауда пара алған еңбек инспекторы сотталды. Ол жазатайым оқиғаға ұшыраған қызметкер жұмыс істеген серіктестікте комиссия төрағасы ретінде арнайы тексеру жүргізген. Кінәлі деп танылған мекеме басшысын жауапкершіліктен босату үшін ауызбастырық ретінде 1 млн 500 мың теңге сұраған. Сотта күдіктінің қылмысы толық дәлелденіп, 3 жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Сондай ақ өмір бойына мемлекеттік қызметтен шеттетілді.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырауда пара алған еңбек инспекторы сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161961/)