![«Qazaqstan» телеарнасы «Нартәуекел» интеллектуалдық жобасына қатысуға шақырады](https://cdn.qazaqstan.tv/2022/8/5/1659703280357.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Күзгі жаңа телевизиялық маусымнан бастап «Qazaqstan» телеарнасынан «Нартәуекел» интеллектуалдық шоуы эфирге шығады.
Жоба барысында қатысушылар түрлі бағыттағы интеллектуалдық сұрақтарға жауап бере отырып, 1 миллион теңге қаржылай жүлдеге ие бола алады. Жүлде қоры демеуші есебінен беріледі.
Интеллектуалдық жобаға бүгіннен бастап тек 18 жастан асқан қазақстандықтар өтінім бере алады. Өтінімдер https://forms.gle/unS5JjgQDtkPgTK28 сілтемесі арқылы 2022 жылғы 20 тамызға дейін қабылданады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Qazaqstan» телеарнасы «Нартәуекел» интеллектуалдық жобасына қатысуға шақырады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/161970/)