Алматының Орталық стадионында «Qazsport» телеарнасының «Super bol» реалити-шоуының қатысушылары мен ел құрамасы сапында ойнаған танымал футболшылар жолдастық матч өткізді.
Жас футболшыларды іріктеу жобасы Семей қаласында басталып, еліміздің түкпір-түкпірінде жалғасты. Аталған жоба 16-25 жас аралығындағы жастардың өз шеберлігін көрсетуге мүмкіндік береді. Олардың арасынан 50-ден астам жас іріктеліп, болашақта кәсіби командалар қатарында ойнауына жол ашылмақ. «Super bol» футболшылары ұлттық құраманың аты аңызға айналған ойыншыларымен арасындағы ойыны 4:4 есебімен тең аяқталды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Super bol!»: Қазақстан футболының аңыз ойыншыларымен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162002/)