Қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорғанда 23 азаматтың үтікпен азапталғаны анықталды. Жантүршігерлік жағдай қаңтардың жетісі мен он жетісі аралығында болған. Тергеудің аяқталғанын хабарлаған бас прокуратураның мәліметінше, мұндай сорақылық дәлелденді. 5 бірдей полиция қызметкері «күдікті» деп танылған. Оның үшеуі - криминалдық полиция басқармасының қызметкері, біреуі - әкімшілік полиция басқармасының инспекторы және тағы біреуі арнайы жасақтың өкілі. 4-тамызда қылмыстық іс сотқа жолданды. Құзырлы мекеме азаптаудың басқа да деректері бойынша тергеу аяқталуға жақын дейді.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қаңтар оқиғасы: 23 азаматты үтікпен күйдірген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162080/)