Ресей аннексиялаған Қырымның Сақ ауданы НовоФедёровка ауылында сейсенбі күні бірнеше жарылыс болды. Соңғы мәліметке қарағанда 1 адам қаза тауып, жетеуі жараланған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша кемінде 12 дүмпу естілген. Осыған байланысты жақын маңдағы үйлерден 30 шақты адам қауіпсіз жерге көшірілді.
Жарылыстар Ресей әуе-ғарыш күштерінің аэродромында болды. Онда «С-400» зымыран кешені мен көптеген әскери ұшақ шоғырланған.
Мәскеудің мәлімдеуінше оқиғаға - өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталмауы себепші. Украина болса жарылыстардың неден басталғанын білмейтінін мәлімдеп отыр.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қырымдағы жарылыстан 1 адам қаза тауып, жетеуі жараланды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162097/)