Мемлекет басшысы Жақып Асановты қабылдады. Жоғарғы сот төрағасы азаматтық даулар бойынша жұмыс тәсілінің өзгергенін баяндады. Соттар әкімдіктермен бірлесіп, дауларды шешудің соттан тыс институттарын дамытып келеді. Нәтижесінде, 4 жыл ішінде сотқа түсетін талап арыздар саны 2,5 есеге азайған. Татуласумен аяқталған істер 37 пайызға дейін артты. Биыл 1 тамыздан бастап іс -- бір соттың ішінде емес, бүкіл ел аумағындағы соттардың арасында бөлінеді. Жақып Асановтың айтуынша, бұл – жемқорлыққа қарсы жаңа әдіс. Мемлекет басшысы қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот процестерінің сапасын арттыруға, кадр іріктеуді жетілдіруге бағытталған қадамдар қажет екенін атап өтті.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мемлекет басшысы Жақып Асановты қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162168/)