Украинаның Запорожье атом электр станциясы тағы да шабуылға ұшырады. Сол үшін Ресей мен жергілікті армия бір-бірін айыптап отыр. Осы жолы снаряд кешеннің кеңсесі мен өрт станциясына тиген.
Оқиғаға байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымы алаңдаушылық білдіріп, Еуропадағы ең ірі АЭС-тің маңында қалыптасқан жағдайды «апатқа жетелейтін ахуал» деп атады.
Қытай мен АҚШ-та ядролық станцияға МАГАТЭ инпекторларын кіргізуге шақырды. Және де Вашингтон атомдық нысанның айналасында әскери емес аймақ құруды ұсынды.
Кейбір мәліметтерге қарағанда, Ресей армиясы АЭС-ті Украина әскерін атқылайтын позицияға айналдырған. Президент Владимир Зеленскийдің мәлімдеуінше, Еуропаның ядролық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ресейліктерді Запорожье АЭС-інен дереу қуу қажет.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Украинаның атом электр станциясы тағы шабуылға ұшырады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162194/)