Түркістан облысы Жетісай қаласында бір мектептің барлық түлегі мемлекеттік білім грантына ие болды. Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп-гимназияны бітірген 63 бала жоғары оқу орындарында тегін білім алады. Айта кетейік білім ұясы бұған дейін де түлектердің «Алтын белгі» алуы бойынша үздік нәтижелерге қол жеткізген. Осы жетістікті 11-сынып оқушылары биыл да қайталады. Мектепті тәмамдаған бес сыныптың 30 түлегі «Алтын белгіге», 21-і «Үздік аттестатқа» ие болды. Ал ҰБТ қорытындысы бойынша білім ордасының орташа балы 105% құраған.
Айнұр Ақбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Мектептің барлық түлегі білім грантына ие болды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162196/)