![«Менің Қазақстаным» халықаралық фестивалі басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77629.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада Шәмші Қалдаяқов әндерінің «Менің Қазақстаным» деп аталатын халықаралық фестивалі ашылды.
«Қазақ вальсінің королі», «ән патшасы» Шәмшінің әндерін білмейтін қазақ кемде-кем. Байқауға 24 жас әнші қатысып жатыр.
Олардың орындаушылық қабілеттерін Бибігүл Төлегенова, Нұрғали Нүсіпжанов, Жеңіс Сейдоллаұлы, Алтынай Жорабаева, Азамат Жылтыкөзов бағалайды.
Жәния Қалдаяқова, Шәмші Қалдаяқовтың жары:
Шәмшінің еңбегін, өнерін ұмытпаған біздің жастарға, бүкіл қазақ халқына үлкен рахметімді айтамын.
Бибігүл Төлегенова, КСРО Халық әртісі:
Болашақта конкурсты кішкене күрделірек жасау керек. Тек қана Қалдаяқовтың кішкентай әндерін ғана емес, кең диапазонды, дауысы бар адамдар айтатын шығармалары бар, соларды айту керек.
Зарина БҮЙЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Менің Қазақстаным» халықаралық фестивалі басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/16222/)