Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып келеді.
Өткен тәулікте 930 адамнан вирус анықталды. Індетке шалдығудың ең көп жағдайы елордада, Қарағанды облысы мен Алматы қаласында тіркелген. Ал былтырдан бері COVID-19-ға қарсы екпенің бірінші компонентін 9 миллион 572 423, ал 2-ші компонентін 9 миллион 351 506 адам салдырды. Сондай-ақ 1 миллион 193 мың азамат «Pfizer» препаратының толық курсын алған. Оның ішінде 39 мыңы - жүкті әйел.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елде вирус жұқтырғандар саны азайып келеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162243/)