Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан 4 адам қаза тапты. Оқиға «Покровка-Жаңажол» автожолында болды.
Темір қаласынан Кеңқияқ ауылына бара жатқан ВАЗ 2113 автокөлігі қарсы бағытқа шығып «Камаз» көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жеңіл көліктің 26 жастағы жүргізушісі мен 3 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Ал, жүк көлігінің 50 жастағы жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Жақсыбек Кемал
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162255/)