Бюджеттен жымқырылған 57 миллиард теңгенің 53 миллиарды қайтарылған. Президент қабылдауында болған Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элиманов осыны мәлімдеді. Ол агенттіктің жеті айдағы қызметі жөнінде баяндап, көлеңкелі экономиканың деңгейі соңғы 3 жылда 23-тен 19 пайызға дейін төмендегенін айтты. Сонымен қатар коммуналдық қызмет саласында тарифтерді негізсіз көтерген 20 монополистке қатысты 34 қылмыстық іс қозғалғаны туралы мәлім болды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162266/)