Армения астанасы Еревандағы сауда үйінде болған жарылыстан қаза тапқандар саны көбейді. «Рейтер» агенттігінің мәлімдеуінше, марқұмдардың саны 15-ке жеткен. Тағы 18 адам із-түссіз жоғалғандар тізімінде. Еске салайын, Армения астанасындағы «Сурмалу» сауда орталығында жексенбіде қуатты жарылыс болып, іле-шала өрт тұтанды. Қала мэриясының мәліметінше, пиротехника материалдары сақталған қойма жарылған. Оқиға кезінде 61 адам жараланды.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еревандағы жарылыс: Құрбан болғандардың саны 15-ке жетті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162305/)