Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Құжат қабылдау 12-15 тамыз аралығында жүргізілді. Конкурс нәтижесі 25 тамызға дейін жарияланады. Биыл магистратураға 13 мыңнан астам грант бөлінді. Бірнеше жыл қатарынан өтініштердің көбі «Педагогикалық ғылымдар», «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» мен «Бизнес, басқару және құқық» сияқты бағыттарға берілді. Грант иегерлерінің есімі жарияланғаннан кейін жоғары оқу орындары құжаттарды 28 тамызға дейін қабылдайды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Биыл магистратураға түсуге 17 мың жас маман өтініш берді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162349/)