Елордадағы кейбір дәріханалар, есірткіге тәуелді адамдар мен жасөспірімдерге қатты әсер ететін медициналық препараттарды рецептісіз сатып келген. Заңды бұзған осындай бір кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Сот қаулысымен дәріхана қызметі 6 ай мерзімге тоқтатылды.
Дәрігердің нұсқауынсыз сатқан тағы бір дәріханаға 200 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Жыл басынан бері полиция қызметкерлері осыған ұқсас 7 фактіні тіркеді.
Есірткі және психобелсенді заттарды сақтау, өткізу, дәрілік препараттарды дәрігердің рұқсатынсыз жіберу фактілеріне куә болсаңыз, «102» желісіне қоңырау шалуға болады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Дәрігер нұсқауынсыз препараттар сатқан кәсіпкер жауапкершілікке тартылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162367/)