Биылдан бастап мектептегі ата-аналар жиналысы жаңа форматта өткізіледі. Бұл туралы еліміздің оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов «Саналы ұрпақ - ұлт болашағы» республикалық ата-аналар конференциясында айтты. Енді мұғалім ата-аналармен «құрғақ» жиналыс жасап, баланың үлгерімін ғана айтып қоймай, оның қай пәнге қызығушылығы бар, оқу бағдарламасындағы өзі сүйіп көретін бағытын бақылап, ата-анамен бөліседі. Осылайша, ата-ана мен мектептің тығыз жұмыс істеуі арқылы бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырамыз деді министр. Себебі оқу үрдісіне ата-ананың тікелей араласуы маңызды фактор.
Асхат Аймағамбетов, ҚР Оқу-ағарту министрі:
Бізде балалардың 60%-ы ата-аналардың олардың мектептегі өміріне араласпайтындары туралы мәлімет береді. Бұл үлкен көрсеткіш. Министрліктің алдында тұрған мақсат - ата-анамен тығыз жұмыс істеу.
Шараны «Сенімен болашақ» бірлестігі ұйымдастырып, еліміздегі ата-аналар қоғамдастығы арқылы саналы отбасы мәдениетін қалыптастыру миссиясын қолға алып отыр. Конференцияға ғалымдар, педагогтер мен психологтардан бөлек, 800-ге жуық ата-ана қатысты. Ал халықаралық ұйымдардың өкілдері кәсіби тәжірибесін айтып, семинар-тренингтер өткізді.
Алла Гаврина
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Биылдан бастап мектептегі ата-аналар жиналысы жаңа форматта өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162375/)