Қасым-Жомарт Тоқаев «Шеврон» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Майкл Уиртті қабылдады. Кездесуде алдағы уақыттағы өзара іс-қимылдар, бірқатар инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Әлемдік энергетика нарығындағы жағдай да сөз болды. Президент «Теңізшевройл»-дың қосымша 2,6 миллиард текше метр газды ішкі нарыққа бағыттау шешімін құптады. Сондай-ақ «Шеврон» компаниясының мұнай-химия саласындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қатысуы мен Қарашығанақ кен орнының өндіріс қуатын одан әрі кеңейту жоспары талқыланды.
Сәбит Әлдебай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент «Шеврон» компаниясының басшысын қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162419/)