Сенат депутаттарының өңірлерге сапары жалғасуда. Түркістан облысының Қазығұрт ауданына барған олар ауылшаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жергілікті шаруалармен кездесіп, мұң-мұқтажын тыңдады. Түйткілді мәселелердің шешімін табуына атсалысып, көкейдегі сауалдарына жауап берді. Қазір ауданда алма жинау науқаны басталды. Соңғы 10 жылда бау-бақша көлемі 600 гектардан астам аумаққа жетті. Шаруалар өнім көлемін арттыруға ниетті.
Әли Бектаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Шаруалардың табысын көтеру маңызды. Өндірістің өнімін көтеру маңызды. Ауылшаруашылық жерлірінің құнарлығын сақтау маңызды. Сондықтан жаңа технологияларды көбірек енгізіп, диверсификацияға көбірек көңіл бөлу керек.
Алла Гаврина
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сенаторлар сапар барысында түркістандық шаруалармен кездесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162425/)