Халықаралық армия ойындарының «Меридиан» кезеңі аяқталады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықаралық армия ойындарының «Меридиан» кезеңі аяқталады

19.08.2022

Ақмола облының «Амандық» полигонында өтіп жатқан сайыста Вьетнам, Өзбекстан, Қытай, Беларусь, Ресей, Армения және Қазақстан бақ сынап жатыр.

Асылбек Данияр, тілші:

«Меридиан» сайысы Қазақстанда бірінші рет ұйымдастырылып жатыр. 8 команда бақ сынауда. Венесуэла – бұл сайыстың бақылаушысы. Жарыс үш кезеңнен тұрады. «Атыс шебі», «Азимут» және «Топографиялық квадратлон». Атыс жарысының жеңімпазы жинаған ұпай санына қарай анықталады. Екінші кезеңде топографтарды дайындау деңгейі арнайы тапсырмаларды орындау жылдамдығы мен берілген бағыт бойынша барлық бақылау нүктелерінен өткенін тіркеу арқылы бағаланады. Жарысты топографиялық квадратлон кезеңі аяқтайды. Мұнда да әскери қызметшілерге бірқатар арнайы тапсырмаларды орындау қажет. Қазір Қытай Халық Республикасы, Өзбекстан, Ресей мен Қазақстан жарысты аяқтады. Ресейліктермен болған жарыста қазақстандықтар мәре сызығын бірінші кесті. Алайда нақты нәтиже кешке белгілі болады.

38 елден 26 команда қатысып жатыр. Жарыс 13 мемлекеттің әскери полигонында өтуде. Бұған дейінгі ойындарда отандастарымыз жеңіске жеткен. Жалпы жарыс 13-27 тамыз аралығында өтеді. Соңғы кезең танк биатлонымен түйінделеді.

Хабарламаларға жазылу