Оқиға кеше Мұғалжар ауданында болған. «Лада Ларгус» маркалы көлікті тізгіндеген 40 жастағы әйел Қандыағаш қаласынан Кенқияқ елдімекеніне қарай бара жатқан. Покровка - Жаңажол автожолының 54-шақырымында ол рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен. Апат салдарынан жүргізуші мен 3 жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Оның бірі – бала. Тағы бір адам аудандық ауруханаға жеткізілгенмен, дәрігерлер оның ажалына араша түсе алмады. Сондай-ақ 5 адам түрлі жарақат алған. Оқиғаның мән-жайын полицейлер анықтап жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтөбе облысында жол апатынан бес адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162493/)