Бұған ресейлік «Газпромның» көгілдір отын тасымалын үш күнге толықтай тоқтату туралы шешімі себеп. Компания тамыздың 31-і мен қыркүйектің 2-не дейін «Солтүстік ағын -1» құбырына жөндеу жұмыстарын жүргізетінін хабарлады. Бұл жаңалықтан кейін Еуропа елдерінде бір мың текшеметр табиғи газдың бағасы 2 мың 700 долларға жетті. Сарапшылардың болжамынша, жөндеу жұмыстары басталғанда, баға 3 мың доллардан асуы мүмкін. Техникалық қызмет көрсету аяқталғаннан кейін, «Газпром» Германияға тәулігіне 33 млн текше метр газ жіберуді жалғастыратынын мәлімдеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Еуропада табиғи газ бағасы шарықтады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162497/)