Елордалық кәсіпкерлер мектептердегі тегін түскі астың бекітілген бағасын мың теңгеге дейін көтеруді сұрайды. Олар бұл өтініштерін бүгін Нұр-Сұлтан әкімімен кездесуде айтты. Өйткені ғимарат жалдау бағасы 25 пайызға қымбаттаған. Оған азық-түліктің бағасы да қосылады. Сондықтан олар 449 теңгеге оқушыларды сапалы тағаммен қамти алмайтынын жеткізді.
Алтай Көлгінов, Нұр-Сұлтан қаласы әкімі:
Мектептегі түскі астың құнын есептеп, құжаттармен нақтылап барып бекіту керек. Біз осы аптада бұл мәселе бойынша құзырлы органдармен келісіп, қаражат бөлеміз.
Айта кетерлік жайт, Еуразиялық экономикалық одақ бойынша азық-түлік бағасының ең жоғары өсімі біздің елде тіркелді. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, шілде айының өзінде 20 пайызға жуық қымбаттаған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қымбатшылық: Кәсіпкерлер мектептегі түскі астың бағасын өсіруді сұрайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162585/)