![БАҚ қызметкерлері «Болашақ» бағдарламасы арқылы тағылымдамадан өте алады](https://cdn.qazaqstan.tv/2022/8/24/1661334890791.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Журналист, режиссер, оператор, графистер әлемнің жетекші шетелдік ұйымдары мен ЖОО-ларында «Операторлық өнер», «Режиссура», «Журналистика», «Визуалды эффектілер. 3d анимация» және т.б. мамандықтар бойынша біліктілігін арттырады. Үміткерлердің жалпы жұмыс өтілі үш жылдан кем болмауы керек. Тағылымдамаға құжат тапсыру 2022 жылғы 5 қыркүйекте басталып, 14 қазанға дейін жалғасады.
Тағылымдама бойынша үміткерлер кепілге мүлік қоймайды. 2022 жылғы 26 тамызда 16:00-де Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығының ресми Инстаграм парақшаларында бірлескен тікелей эфир өтеді (https://www.instagram.com/aqparatqogam/; https://www.instagram.com/bolashaq.cip/ сілтемелері бойынша).
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БАҚ қызметкерлері «Болашақ» бағдарламасы арқылы тағылымдамадан өте алады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162610/)