Мемлекет басшысы Әзербайжанға ресми сапары кезінде осы елдің жалпыұлттық көшбасшысы Гейдар Әлиев пен оның жұбайы Зарифа Әлиеваның бейітіне гүл шоқтарын қойды. Гейдар Әлиев – республиканың негізін қалаушы, көрнекті мемлекет қайраткері, Әзербайжанның бір туар азаматы. Жалпы, бұл аллеяда 240-тан аса танымал тұлға жатыр.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Шаһиттер аллеясына да барды. Бұл жерде Әзербайжанның азаттығы мен территория тұтастығы үшін қаза тапқан жауынгерлер жерленген.
Ал негізгі шаралар аяқталған соң Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ильхам Әлиев Баку көшелерінде серуендеді. Екі ел басшылары Каспий теңізінің жағасын аралап, осында орнатылған қазақтың киіз үйіне кірді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжандағы мемлекет қайраткерлері жерленген зиратқа барды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162635/)