Ақмола облысында егін орағы науқаны басталды. Биыл 5 миллион гектардан астам аумаққа дән себілген. Қазір 9 ауданның диқандары ораққа кірісті. Бірер күннен кейін бұл науқан жаппай басталады. Бүгінге дейін өңірге бөлінген 80 мың тонна жанар-жағармайдың 37 мыңы шаруашылықтарға жеткізілген. Қалғаны алдағы уақытты берілмек. Барлығы 9 мыңға жуық комбайн жұмылдырылады. Сыйымдылығы 4,7 миллион тонна болатын 70 элеватор астық қабылдауға әзір. Сондай-ақ шаруашылықтарда 2 миллион тонна өнім сиятын қоймалар бар. Астық жинауды қыркүйектің соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.
Еркеш Әленов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
75 пайыз егініміз жақсы тұр, 15 пайызы қанағаттандырарлық. Былтырға қарағанда мол өнім аламыз деген ойдамыз. Биылғы жоспарға байланысты 4,6 миллион тонна бидай алмақшымыз.
Ермек Елберген
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында 4,7 млн тонналық 70 элеватор астық қабылдауға әзір&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162637/)