Ақтауда педагогтердің дәстүрлі тамыз кеңесі өтті. «Білімді ұрпақ: терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық» тақырыбын арқау еткен жиында креативті педагогикалық кадр даярлау, білім берудің концептуалды негіздерін таныстыру жайы талқыланды. Соңғы 5 жылда өңірде оқушылар саны 38 мыңға артты. 3 ауысымды мектеп проблемасын шешу үшін биыл 2 жаңа білім ошағы пайдалануға берілмек. Бұдан бөлек, 5 мың орындық 5 мектептің құрылысы жүріп жатыр. 21 мектепке жөндеу жүргізіліп, жаңа мотификациялық кабинеттер ашылған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақтауда оқушылар саны 38 мыңға артты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162639/)