Көші-қон бағдарламасының тиянақты жүзеге асуы арқасында теріскейге 500 мұғалім мен 300-дей медицина қызметкері барған. Бүгінде олардың бәрі баспаналы болып, жұмыспен қамтылған. Бұл туралы аймаққа жұмыс сапарымен барған Премьер-Министрдің орынбасары айтты. Ералы Тоғжановтың сөзінше, осы жоба әсіресе, ауылдық жерлерде кадр тапшылығын жоюға септігін тигізіп отыр. Сондай-ақ биыл Солтүстік Қазақстан облысындағы мектеп бітірушілердің 64 пайызы өңірдегі жоғары оқу орындарын таңдаған. Түлектердің өзге қалаларға кетуі екі есе азайған. Бұл соңғы 5 жылдағы үздік көрсеткіш.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=СҚО-ға 500 мұғалім мен 300-дей медицина қызметкері барған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162661/)