Батыс Қазақстанда төрт жылда 37 млн теңгені жымқырған «Қазпоштаның» қос қызметкері 7 жылға сотталды. Олар бір кәсіпкердің серіктестік есепшотына аударуға берген ақшасының бір бөлігін, яғни 36 млн теңгеге жуық қаражатты өздеріне алып қалған. Сондай-ақ бір зейнеткердің құжаттарын қолдан жасап, оның 1,2 млн теңгесін иемденген. Бас бостандығынан айырылғандарға қаржылық және мемлекеттік ұйымдарда материалдық жауапты қызметтерді атқаруға өмір бойына тыйым салынады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=37 млн теңгені жымқырған «Қазпоштаның» екі қызметкері сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162687/)