Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Маңызды саяси шара 1 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында өтеді деп жоспарланып отыр. Ақорда баспасөз қызметінің хабарлауынша, Жолдаудың негізгі бөлігі еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналмақ. Бұған дейін Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Парламент палаталарының бірлескен отырысын өткізу туралы өкімге қол қойған еді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162706/)