Қазақстанда сирек ауруларға шалдыққан балаларды емдеуге арналған препараттардың тізімі кеңейтілді. Қазір оған төрт орфандық ауру мен 19 жаңа дәрі-дәрмек енгізілді. Лейкоз, эпилепсия, нейробластома, С жұқпалы гепатит секілді созылмалы аурулармен ауыратын екі мың балаға амбулаторлық деңгейде ем-дом көрсетіледі. Денсаулық сақтау министрлігі бүгінде 26 орфандық ауруларға шалдыққан 13 мыңдай науқас тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп, жергілікті бюджет есебінен орфандық дертке шалдыққан екі мыңдай бала қажетті көмек алғанын атап өтті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сирек кездесетін ауруларға қажет дәрілердің тізімі артты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162786/)