Қазақ-Катар қатынасы артады. Қасым-Жомарт Тоқаев Катар Премьер-министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхаммед бен Абдулрахман Әл Таниды қабылдады.
Кездесуде байланысты дамыту перспективалары талқыланды. Сауда-экономикалық ынтымақты кеңейтуге, соның ішінде экономиканың негізгі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға басымдық берілді. Сонымен қатар халықаралық ұйымдар аясындағы өзара іс-қимылды қарастырып, өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Асима Нұрбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Катар премьер-министрінің орынбасарын қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162794/)