Жыл соңына дейін 6 білім ордасының құрылысы аяқталады деп отыр.
Әділбек Серікұлы, тілші:
Ал бүгін жаңа оқу маусымында өңірде 4 мектеп ел игілігіне беріліп жатыр. Соның бірі – қала маңындағы Сабалақ елді мекеніндегі жеке инвестордың қаржысына салынған заманауи мектеп. Бұған дейін тұрғындар балаларын қалаға қатынап оқытып келген. Міне, биыл жұртшылықтың көптен күткен талап-тілегі орындалып, балалар мәз-мейрам. Мұнда бір ауысымда 400 оқушы білім алады. Одан бөлек, түрлі спорттық және өнер үйірмелері жұмыс жасайды. Жалпы, бүгін облыс бойынша 18 мың бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттап отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылорда облысында 4 мектеп ел игілігіне берілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162821/)