Мұндай шешім Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған гуманитарлық көмек көрсету жөніндегі комиссияның отырысында қабылданды. Ресми мәліметтер бойынша, Пәкістанда табиғи апаттан 1033 адам қаза тапқан. Оның 343 – бала. Таулы аймақтағы көптеген тұрғын үйлер мен инфрақұрылым қираған. Қазір баспанасыз қалған 35 млн-дай адам азық-түлікке зәру болып отыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстан Пәкістанға 400 мың доллар гуманитарлық көмек көрсетеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/162827/)